Ақмола облысында дәрігерге жаман сөз айтқан адам қамалды

Hush Naidoo Jade Photography/unsplash.com/
Hush Naidoo Jade Photography/unsplash.com/

Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзу хаттамасы арқылы және өзге де материалдар арқылы дәлелденді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы Жақсы ауданының соты дәрігерге балағат сөз айтқан адамның ісін қарап, оны бес тәулікке қамады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Облыстық соттың мәліметіне сүйенсек, күдікті азамат аудандық аурухананың қабылдау бөліміне келген. Мас күйдегі ол фельдшерді балағаттаған. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзу хаттамасы арқылы және өзге де материалдар арқылы дәлелденді», - деп хабарлайды Ақмоал облысының соты.

Жақсы соты бұл адамды бұзақылық жасады деп танып, оны 5 тәулікке қамады және оны үш ай бойы бақылауда ұстайтын болды.

Оқи отырыңыз: Қызғалдақ жұлғандарға салынатын айыппұл көп емес пе - Бас прокурордың орынбасары пікір білдірді

Новости партнеров