Қосшы ауылының тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отыр

Қосшы ауылының тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күлтөбенің басында күнде жиын. Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылының тұрғындары қоныс аударып кетуі әбден мүмкін. Себебі, кәріз жүйесінен шығатын қолаңса иіс қолқаны қабады. Тіпті, далаға шығудың өзі мұң. Ал қалдықтарды соратын сорғыш стансалардың шамасы келмей жатқан көрінеді. Өйткені іргелес жатқан тұрғын үй кешенінің кәріз жүйесі де осы стансаға қосылған.

Қосшы ауылында тұратын тұрғындардың қайсыбірінен сұрасаңызда айтар уәжі осы. Қысы жазы кәріз жүйесінің мүңкіген иісінен далаға шығудан қалдық деп отыр. Шаршы метрге қолымыз енді жеткенде, денсаулығымыздан айырыламыз ба деп қорқады олар. Тіпті, тыныстаудың өзі мұң.

Тұрғындардың айтуы бойынша, мән жайды құзырлылар білетін көрінеді. Ал кәріз жүйесінің мәселесін Қосшылықтар көрші орналасқан Лесная поляна тұрғын үй кешенімен байланыстырып отыр. Біздің кәріз жүйемізге олардыкін қосып қойды, сол себептен сору станцияларының күші жетпейді дегенді алға тартады. Қосшы коммуналдық қызметі болса, жыл аяғына дейін қосымша сорғыштарды орнатпақшы.

«Қазіргі таңда қолданылатын шаралар – өздерінің көріп отырған жерде кәріз стансасы жаңадан салынуы мүмкін. Оны ойластырып жатыр. Бұл жайында облыс көлемінде беліде, аудан орталығы біледі. Әкімшілік қаражат мәселесін шешу жұмыстарын атқарып жатыр», - деді «Қосшы» коммуналдық қызметінің директоры Қайрат БИЖАНОВ.

Сасыған иіс Қосшылықтарды мазалаған жалғыз мәселе емес. Күн райы өзгере қалса, жарык өшеді не су тоқтайды екен. Шаңы көтерілген жол жайы өз алдына бөлек әңгіме. Онсыз да ауыз суды сатып алып отырған олар, бұған үйренісіп кеткен секілді. Ал ауылнай бізге қолаңса иіс тек апаттық жағдайда ғана шығады деп сендірді.

«Кәріз жүйесінен шығатын иіс тек апаттық жағдайларда ғана орын алады. Сондағысы 1-2 сағат көлемінде. Жөндеп, бәрін ретке келтіргенше», - деді Целиноград ауданы «Қосшы» ауылының әкімі Дінмұхаммед ҚАЛИЕВ.


Новости партнеров