Клипке ашық-шашық киіммен түскен әнші лицензиясынан айырылды

14.11.2018 14:20

Өзбекстан әншісі Шахло Ахмедова әлеуметтік желілерде таралған «Жазғы жаңбыр» әнінің клипі үшін уақытша лицензиясынан айырылды, деп хабарлады «Өзбекконцерт».

Ведомство атап өткендей, «Жазғы жаңбыр» әніне түсірілген клипте ұлттық менталитетке және шығыс мәдениетіне сай келмейтін іс-қимыл бар екені бірнеше рет ескертілген.

Шахло Ахмедованың лицензиясы 13 қарашадан бастап тоқтатылды, деп жазды Sputnik.

Осы жылдың қыркүйегінде «Өзбекконсерт» жанындағы көркемдік кеңес танымал әртістердің 18 клипін қарап шығып, олардың кейбірін республикалық телеарналардан көрсетуге тыйым салған. 10-нан аса әртістің ұлттық ой-санаға сәйкес келмейтін клипі «қара тізімге» енген.