Әнші Анита Цой анасын «өз қолымен өлтіргенін» айтты

Әнші Анита Цой анасын «өз қолымен өлтіргенін» айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Анита Цой анасының ауыр жағдайына өзін кінәлайды. Ол анасына күштеп дәрі бергенін айтып, ауыр күндерді еске алды, деп жазды stan.kz.

Айтуынша, әнші 1 жаста болғанда әкесі отбасынан кетіп қалған. Әкесі ұл қалаған екен. Анасы отбасын асырау үшін зерттеу институтында еңбек еткен.

Бірде әншінің анасы «халық жауы» атанған ғалым Андрей Сахаровты қорғап, билікті сынға алады. Сол үшін әйелді психикалық дерттерді  емдейтін ауруханаға жатқызады.

«Мен анамның бет-жүзінің қарайып кеткенін көрдім. Ол отыра да, сөйлей де алмай қалды. Ол менің анама ұқсамай қалған еді», – дейді қызы.

Анасы дәрі ішкісі келмей қарсыласқанда, дәрігерлер ем жүргізуді талап етіпті. Анасы өз кумирін қолдап, академияға бара берген екен. Сондықтан оны бірнеше рет ауруханаға күштеп жатқызыпты. Кейін Сахаровты ақтағанда, Анита Цойдың отбасы өз қателіктерін түсініпті.

«Біз күштеп дәрі бердік. Тілінің астына дәрі қойдық. Анам төсекте көкөніс сияқты жататын. Көзінен жас парлай беретін. Біз оны өз қолымызбен өлтірдік десе де болады. Өйткені, телеарнада болып жатқан нәрселерге сенген едік. Ал анам өзінің сау екенін айтқысы келіп қиналған екен ғой», – деп күрсінеді әнші.

Анасы әлі күнге дәрігерлерге сенбейді. Қызы анасына оны енді ешбір дәрігерге қаратпаймын деп уәде беріпті. Бүгінде әншінің анасы 80 жасқа толған.

«Анам үшін барлық дәрігер оның жауы секілді. Маған сене алуы үшін де көп жылдар керек болды», – дейді Анита.




Новости партнеров