Шымкентте мейрамхана қонақтары арасындағы төбелес атыспен аяқталды

Шымкентте мейрамхана қонақтары арасындағы төбелес атыспен аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент кафелерінің бірінде екі компания өкілі арасында жанжал туындап, оқ атылды, деп жазады NUR.KZ.

Жанжал кезінде 34 жастағы азаматқа оқ тиіп қалалық жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Қоғамдық тамақтану орнында қырқысып қалған қос тараптың төбелесі кезінде тағы да екі жігіт жарақат алған.

Екеуіне дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылған. Жарақат алған үшеу де бір компанияның жігіттері, аралас құралас достар болып шықты. Ал оқ атқан адам оқиға орнынан бой тасалап қашып кеткен көрінеді.

Қазір аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.


Новости партнеров