Хэллоуин қарсаңында бес айлық қызды асқан қатігездікпен өлтіріп кетті

Хэллоуин қарсаңында бес айлық қызды асқан қатігездікпен өлтіріп кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Колумбияда белгісіз біреулер бес айлық қызды асқан қатігездікпен өлтірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Таңертең оянған нәрестенің анасы бес айлық қызын үйден таба алмаған. Ол полицияға хабарласып, бір күн бұрын осылайша қызының жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, кейін оның үйдің жанынан аман-есен табылғанын айтып берді.

Бұл жолы бала өлі табылды – сәбидің басы мен қолын кесіп, жүрегін жұлып, ішек-қарнын ақтарып тастаған.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, тұрғындар сәбиді Хэллоуин мерекесінің қарсаңында сатанистердің өлтіргеніне сенімді. Баланың мәйітіне сараптама жасалады.

Бұдан бөлек, полиция анасының ағзасында психотроптық заттардың болған-болмағанын да анықтайды.

Хэллоуин мейрамы жыл сайын 31 қазанда атап өтіледі. Мереке АҚШ пен Канадада кеңінен тойланады. Соңғы кездері Еуропа мен Ресейде танымал болып отыр.


Новости партнеров