Ақтөбе тұрғыны биіктен құлап мерт болды

Ақтөбе тұрғыны биіктен құлап мерт болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе қаласында 26 қараша күні күндіз көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен ер адам секіріп, мерт болды, деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайғылы оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, ер адам мұнда өміріне балта шабуға келген.

Оның не себепті өзіне қол жұмсағаны әзірге белгісіз.

Ер азаматты көрген куәгерлердің сөзінше, ол жылдам лифтке кіріп, жоғарғы қабатқа көтеріліпті. Тұрғындардың айтуынша, марқұм болған жігіт бұл үйлерде тұрмайды екен.

«Ол күртесінің алдын ашып тастады да, жылдам лифтке кіріп, 14 қабатқа көтерілді. Сол жерден бірден секіріп, өлді», - деді Асхат Бексұлтанов.

Қазір оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты тұрғын үй өмірімен қоштасуға бел буғандардың «сүйікті орнына» айналған секілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жазда дәл осы тұрғын үйдің жетінші қабатынан 33 жастағы келіншек секіріп өлген болатын. Ауыр дертке шалдығып, өлетін болғандықтан, әйел адам осындай қадамға барған екен.


Новости партнеров