Ресейдің Свердлов облысындағы ауылда мектеп оқушысы сыныптасын аңшы мылтығымен атып өлтірді, тергеушілер қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды sputniknews РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Бұдан бұрын БАҚ өкілдері хабарлағандай, жасөспірімдер бірі екіншісін келеке етіп, салдарынан екеуінің арасында кикілжің туындаған.
Оқушы араздасқан сыныптасын үйінен қуып шыға алмайды. Ақыр соңында аңшы мылтығын алып, оқ атыпты.
Өңірлік Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, аталған дерекке тергеушілер қылмыстық іс қозғалған, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.