Алматыда қоғамдық көліктің жаңа бағыты ашылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.
Көптеген өтініштер бойынша, Нұрлытау ықшамауданында тұратындар үшін 25 желтоқсаннан бастап №116 бағытында жүретін жаңа автобустар пайда болады. Ол Розыбакиев/Райымбек, Жароков, әл-Фараби даңғылдарымен өтіп, Витебск, Өтегенов, Сапарлы жол көшелерімен жүріп, Нұрлытау ықшамауданында рейті аяқтайды. Жаңа бағытта ықшамауданның таулы аймағына арналған ГАЗель маркалы автобустары қатынайтын болады.