Әлемдік дін басшылары Астанадағы Бейбітшілік қабырғасында мінәжат етті

Әлемдік дін басшылары Астанадағы Бейбітшілік қабырғасында мінәжат етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі аясында «Бейбітшілік қабырғасы» монументі алдында әлемдік дін басшылары бір уақытта мінәжат етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дін басшыларының құдайға сыйыну процедурасы бірнеше минутқа созылды. Осыдан кейін Бейбітшілік қабырғасының алып экранынан әлемдегі ең ірі апаттар, ядролық қару жарылыстары туралы видео көрсетілді. Мәтін орыс тілінде болғанымен, қатысушылар үшін тікелей аударма жүргізілді.

Еске сала кетсек, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі Астанада кеше басталған болатын. Алқалы жиынға барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сонымен қатар беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысуда. Съездің мәртебелі мейманы – Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич. Жаһандық шараның басты және негізгі тақырыбы – «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».

Съезд барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, қауіпсіз әлемді қалыптастыру жолында конфессияаралық, өркениетаралық диалог орталығын бекітуге дайын екенін мәлімдеген болатын.


Новости партнеров