Болашақ шенеуніктер арнайы мектепте тәлім алады

20.09.2018 22:40

«Мемлекеттік қызметкерлер мектебі». Осындай орталықта енді болашақ шенділер білімін жетілдірмек. 3 айдың ішінде 30-ға тарта тәлімгерге тегін сабақ үйретіледі. Дәрісті кәсіби ұстаздармен қоса, саясаттанушылар, блогерлер және Қоғамдық кеңес мүшелері береді. Оқу жастар орталығында демалыс күндері студенттерге  тегін жүргізіледі.  

«Арнайы оқу бағдарламасын жасадық. Жастар өзінің білімдерін шыңдап, мемлекеттік қызметке дайындалады деп ойлаймыз. Алдағы 3 ай бойы жастарды оқытамыз. Содан соң желтоқсан айында тиісті сертификаттарын алады. Артынша мемлекеттік қызметке тест тапсырады», – деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дәурен БАБАМҰРАТОВ.  

«Бәрін тәжірибе жүзінде көрсек, келешекте мемлекеттік қызметте жұмыс істесек, жеңілдеу болады деп ойлаймын», – дейді студент Жарылқасын САҚТАҒАН.