Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
«Қазақстан Президенті Сирияда Ил-20 ұшағының апаты салдарынан Ресей әскери қызметшілерінің қазаға ұшырауына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты», - делінген хабарламада.
Көшбасшылар алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Тәжікстанда өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын қарастырды.