Өскеменде көпқабатты үйдің пәтерінен 15 жастағы қыздың денесі табылды

18.09.2018 21:24

Өскеменде көпқабатты үйдің пәтерінен жасөспірім қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 қыркүйек күні кешкі сағат 21.00-де полицияға 19-шы ықшам ауданы, Есенберлин даңғылы 8/2 мекен-жайындағы көпқабатты үйдің пәтерінен жас қыздың денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Қыздың жасы 15-те және ол колледж студенті болғаны анықталды. «Денесінде зорлық белгілері бар», - деп мәлім етті ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қылмысты жасады деген күдікпен 18 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.