Ақмола облысында жолаушыны жүксалғышта тасымалдаған жүргізуші жазаланды

18.09.2018 22:53

Ақмола облысында жолаушыны жүксалғышта тасымалдаған автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Ер адамға 15 АЕК дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мəліметінше, оқиға 16 қыркүйек күні орын алған. Оны «Рубеж - Бурабай» қоршау жүйесі стационарлық бекетінде жол-патруль полициясы батальонының қызметкерлері анықтаған. Жол қозғалысын бақылап жүрген полиция қызметкерлері сағат 10:00 шамасында Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Kaessbohrer» автобусын тоқтатқан.  

«Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде тəртіп сақшылары жолаушылар көлігінің жүксалғышы жатын орын ретінде жабдықталғанын жəне онда бір жолаушының болғанын анықтады», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Осыған байланысты жүргізушінің үстінен ҚР ƏҚБК 590-бабының 7-бөлігі бойынша əкімшілік хаттама толтырылды. Аталмыш санкция бойынша көлік жүргізушісіне 15 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.