19 мен 23 ақпан аралығында «Алматы» телеарнасынан көретіндеріңіз...

19.02.2018 14:26

«Алматы» телеарнасы осы аптада болатын телехикаялар мен бағдарламаларды назарларыңызға ұсынады. 

Ерлі зайыптылар арасындағы тылсым сыр. Әпке мен сіңілі арасындағы өшпенділік. Ақ пен қараны ажырата алмаған қос тағдыр. «Уәде берем» телехикаясы дүйсенбі-жұма аралығында 17:30-да. 

Жанашыр жанның ақылына құлақ салмасаң, әккінің қармағына түсерің қақ. Кім дос, кім дұшпан? Таңдау өз қолыңда. Бейсенбі, 22 ақпан «Жұмбақ тағдыр» 12:40-та біздің арнада.

Тақтан тайдыру тактикасы. Береннің басы дауға қалды. Кек алатын кез келді. Егіз ғұмыр «Айман-Шолпан» дүйсенбі-жұма аралығында 19:00-де біздің арнада. 


«Дидарласу» бағдарламасының кезекті қонағы әнші Жеңіс Ысқақова.  Сенбі, 24 ақпан 16:30-да «Алматы» телеарнасында.

Жаңа жылда ең маңызды мәселе біздің назарда. Қара халыққа Үкімет қандай көмек көрсете алады? Таразылау бізден, байлам сізден. «Байлам» бағдарламасы сейсенбі, 20 ақпан сағат 12.40-та.


Екінші әйел мақтаныш па, қажеттілік пе? Бұл шешім кім үшін ұтымды? Отбасы тұтастығын қалай сақтауға болады? «Тұмарым» бағдарламасы. Жұма 23 ақпан 17:00-де «Алматы» арнасында.