Бала асырап, басы дауға қалған алматылық келіншек сотта істі жеңіп алды

Бала асырап, басы дауға қалған алматылық келіншек сотта істі жеңіп алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бала асырап, басы дауға қалған алматылық Гүлжан Қилыбаева екі жыл соттасқан істі жеңіп алды. Алматы қалалық жасөспірімдер соты оған жетімдер үйінен асырап алған баласын тәрбиелеу құқығын берді. Енді 2 жасар сәби өзін туа сала тастап кеткен безбүйрек анасымен емес, титтейінен өсірген биологиялық анасының қолында қалады. Естеріңізге сала кетсек, құрсақтан шыққан шақалағын жетімдер үйіне тастаған тасбауыр ана, арада 2 жыл өткесін баласын қайта іздеген. Сөйтіп, кішкентай Жеңісті бағып-қаққан Гүлжан Қилыбаеваның үстінен арызданған болатын. Ол Қилыбаеваны асыраушылық құқықтан айырып, баланы өзіне қайтарып алу туралы өтініш білдірген еді. Өз кезегінде асыраушы ана да аппеляциялық шағым беріп, 2 жылдай сотта табан тоздырған. Енді бүлдіршінге қатысты драмалық сот дауына нүкте қойылып, Жеңіс асырап алған анасында қалатын болды. Істің оңынан аяқталуына Алматы қалалық прокуратурасы мен Жоғарғы соттың төрағасының өзі ықпал етіпті.¤

«Бала білген бұны тастайтынын. 5 ай Үкіметте жатқан бала, мен мұны қанша уақыт емдедім. Орысша айтқанда «выходила этого ребенка». Бүкіл мейірімімді бердім. Қазір бұл балада күйеуім екеумізден басқа ата-ана жоқ. Бұл түсінбейді. Бұның өз әлемі бар әке-шешесі мен күйеуім екеуіміз ғана. Өз үйі бар. Қазір енді қалалық прокуратураға рахметімді айтқым келеді. Өйткені, бұлар басынан бастап бізді қолдады. Нарушение бәріне қарап олар маған көмек беріп отыр»,- еді Қала тұрғыны, Гүлжан ҚИЛЫБАЕВА.





 









Новости партнеров