Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлері 3-күндік курстан өтеді

Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлері 3-күндік курстан өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы мен Алматы облысының 100-ден аса бизнесмені 3 күндік курстан өтеді. Кәсіпкерлерге лекцияны техникалық реттеу және метрология саласының үздік аудиторлары мен сарапшылары оқиды. Экспортқа бейімделген кәсіпорын басшылары менеджмент саласында білімін жетілдіреді. Оған қоса, Еуропалық және Еуразиялық одақ елдері арасындағы талап, ережелермен таныса алады. Атап өтерлігі, курс тегін жүзеге асырылуда.

«Семинар барысында қатысушыларға Еуразиялық экономикалық одақтағы техникалық реттеу, стандарттау, метрология саласындағы болып жатқан өзгерістер жайлы ақпараттар айтылады. Және кеден одағында қандай техрегламенттер қабылданып жатыр, олар бойынша қандай ережелер мен қағидалар белгіленгендігі айтылады»,- деді Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің жетекші маманы, Бану СҰЛТАНОВА.

Новости партнеров