«Алматы Тауэрстегі» өртке қатысты қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілді

«Алматы Тауэрстегі» өртке қатысты қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы Тауэрстегі» өртке қатысты қылмыстық іс дәлел жеткіліксіз болғандықтан Ішкі Істер департаментіне қосымша тергеуге жіберілді. Осы қаулы заңды түрде күшіне енді. Бұл шешімді Бостандық ауданының соты шығарған. Ал "Батут орталығы" директорының қорғаушысы Ішкі Істер департаментінде қаралатын істің тиісті министрлікке не болмаса Ұлттық Бюроға берілуін жөн деп санайды. Өйткені, кінәлілердің тиісті жазасын алатынына күмән келтіріп отыр. Әзірге бұл оқиғаға қатысты күдікті ретінде тек Дәурен Тұяқов айыпталып отыр. Еске сала кетейік, алапат өрт былтыр 6-шы қараша күні кешке "Almaty Tower" бизнес орталығының ғимаратында орын алған еді. Қызыл жалын 1800 шаршы метрді жалмады. Өрттен 54 жастағы дәнекерлеуші мен жалданып жұмыс істеген 5 студент қаза болған еді. 

«Біз өртке кінәлі басқа да азаматтардың жауапқа тартылуы керек деп санаймыз. «Almaty Towers» ғимаратының өрт сөндіру қызметінің жағдайын тиісті мамандар көптен бері тексермеген. Тіпті оқиға орнына жеткен уақытта өрт сөндірушілерге куәгерлер нысанның ішінде түтінге 5 адамның тұншығып, қалып қойғанын айтқан. Бірақ ешкім құлақ аспапты. Енді әркім өзіне тиісті жазаны алуы керек»,- деді Дәурен Тұяқовтың қорғаушсы, Джохар ӨТЕБЕКОВ.

  






Новости партнеров