Алматыда «Мәңгілік сарын» атты күй кеші өтті

Алматыда «Мәңгілік сарын» атты күй кеші өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Мәңгілік сарын» атты күй кеші өтті. Күйді қастерлейтін көрермен үшін тегін өткізілген шара Наурызды тойлауды қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған. Алтай мен Атырауға дейін күй өнері мектептерінің бұрын ел естімеген, ұмыт қалған туындылары жаңа сарынмен ойналды.

Кешті белгілі дәулескер күйшілер мен «Сазген сазы» этнографиялық-фольклорлық ансамблі орындады. Ұйымдастырушылар аталмыш концертті жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдырмақ. Ал домбырашылар күй өнерін түсінетін көрермендердің саны жыл санап артып келе жатқандығы қуантады деді.

«Барлық күй мектептерін қамтуға тырыстық. Тағы бір ерекшелігі -  ұмытылып бара жатқан, қолданыстан шығып бара жатқан сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы, жетіген сияқты көнерген саз аспаптарында да орындалатын көне сарындар, әуендер, міне осы күй кешінде орындалып жатыр. Халықтың үлкен ықыласына ие болды», - деді «Мәңгілік сарын» күй кешінің көркемдік жетекшісі Базарбек АТЫҒАЙ.

«Алатаудың баурайында, мына Елбасының «Рухани жаңғыру» деген үлкен жобасының аясында біздің күйіміздің өзінің шалқып жатуының өзі қазақ күй өнерінің мәртебесінің жоғары екендігін көрсетеді», - деді күйші Мұрат ӘБУҒАЗЫ.


Новости партнеров