Алматыда талдарды сындырған бұзақы ұсталды

Алматыда талдарды сындырған бұзақы ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әл-Фараби көшесіндегі талдарды сындырған бұзақы ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті ретінде ұсталған 27 жастағы ер адам бастапқы мәлімет бойынша, облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр.  

«1991 жылы туған Қарасай ауданының тумасы бұл қылмыстық іс бойынша сезікті боп танылуда. Оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің №208 бабы, 2 тармағы бойынша сараланып, қазіргі таңда ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Азамат өзінің түсіндірмесінде «бұл ағаштар маған кедергі келтірді» деген сылтауды айтуда. Алдын ала біздің мәліметіміз бойынша, ол  азамат жүйке ауруына шалдыққан. Қазір осы мәліметті растау үшін біз тиісті орындарға сауалдарды жіберген болатынбыз», - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.

Бұл туралы кеше әлеуметтік желіде Алматы тұрғындары бөліскен еді. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу көше бойында отырғызылған 80-нен астам үйеңкі мен талшын тұқымды талды сындырып кеткен.


Новости партнеров