Алматыда ҰБТ өткізудің шаралары қолға алынды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма басшысы ҰБТ кезінде ақпараттың құпиялығы мен адами факторды болдырмау шараларын ЖОО құзырында екенін айтты.
«Аудиториялардың дайындығы, техникалық қажеттіліктерді ЖОО басшылығы қамтамасыз етеді. Қазір ЖОО-лар 182 камера, 102 ұялы телефон байланыс сигналдарын тұншықтыру құрал, 31 металл іздеу құралы, 7 рамалық металодетектор сатып алды», - деді басқарма басшысы Гүлнар Ходжабергенова «Нұр Отан» партиясы бөлімшесінің баспасөз орталығында брифинг барысында.