Алматыда ұстаздар қауымы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылады

Алматыда ұстаздар қауымы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаріп таңдауда қателік кетпеуі қажет. Алматыда ұстаздар қауымы латын әліпбиінің жаңа нұсқасын талқылады. Айтуларынша, екі күн бұрын тіл мамандарының Елбасына көрсеткен нұсқасы ұғынықты. Онда бас-аяғы 32 әріп бар. Төл әріптерді ноқат белгісін қою арқылы таңбалау, қазақ әліпбиін ерешелейтіні сөзсіз дегенді алға тартуда. Оған қоса, крилл әліпбиіндегі ц,э,ю,я,ё,щ қаріптерін өзіміздің тілімізге ыңғайлап жазатын боламыз.


¤«Мына әліпбиде «ч» дыбысы берілген. Кәдімгі «Сара» дегендегі «с» әріпі үтірімен, бұл «ч» деп көрсетілген. Менің байқауымша «ц» әріпі берілген жоқ. Біз орфоэпиялық ереже бойынша «цемент» деген сөзді «семент» дейміз. Шамасы «ц» дыбысын «с» дыбысымен айырбастап жазатын боламыз», - деді Алматы технологиялық университеті қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы  Қарлыға ӘБДІРАХМАНОВА.


Новости партнеров