Сағынтаев әуе компания билеттерінің бағасын қадағалауды табыстады

Сағынтаев әуе компания билеттерінің бағасын қадағалауды табыстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев «Эйр Астана» әуе компаниясы билеттерінің бағасын қадағалауды табыстады. Әсіресе, ішкі әуетасымалдар тарифы мәселесіне тоқталды. Премьер-министр компанияға қатысты антимонополиялық тергеу барысы туралы Ұлттық экономика министрінен жауап алды.

«Мемлекет ішінде тариф бойынша бірқатар шешілмей отырған мәселелер бар. Әсіресе, «Астана-Алматы» бойынша. Ұлттық экономика министрлігі тергеу жүргізді. Қазіргі ахуал қандай, соны түсінгім келіп отыр. Жұмысты аяқтадыңдар ма әлде жалғасуда ма?», - деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

«Астана-Орал, Астана-Алматы бағыттары бойынша тарифтер айтарлықтай өсіпті. «Самұрық-Қазына» қорына ресми сұрату жібердік, рейстердің өзіндік құнын есептеп шығарамыз. Осы мәліметтерден кейін ғана компанияның монополиялық жағдайын пайданып, бағаны өсіріп отырғандығы шын ба, белгілі болады. Егер бағалар әділ болса, онда ешқандай айып таға алмаймыз», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық БИШІМБАЕВ.

Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ тергеу қорытындысы бойынша қандай да бір шара қолдану керектігін баса айтты. Еске сала кетейік, «Эйр Астанаға» билеттердің бағасын күрт өсіріп жібергендіктен, 3 әкімшілік іс қозғалған болатын.

Новости партнеров