БЖЗҚ-ның бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевты қамау мерзімі бір айға ұзартылды

БЖЗҚ-ның бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевты қамау мерзімі бір айға ұзартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Тиісті шешімді Алмалы аудандық соты қабылдаған. Одан бөлек, осы іске қатысты тағы 4 күдіктіні қамауда ұстау уақыты да 28 маусымға дейін ұзарған. Яғни, олар уақытша оқшаулау орталығында келесі айдың аяғына дейін отырады. Әу баста екі айға қамалған топ-менеджерлерді ұстау ақыры алты айға дейін созылды.

«Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қаулысымен 4 тұлғаға, бұл Бақытев, Кенжебаев Ерденаев және Найзағаринге қатысты  қамау мерзімі 6 айға дейін ұзартылған. Аталған тұлғаларға алдын ала тергеу органдарымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 189 бабы,  4 бөлімінің 2 тармағы бойынша айып тағылған болатын», - деді қалалық соттың баспасөз хатшысы  Диас МАХАМБЕТОВ.

Қор төрағасының орынбасары болған Медетбеков пен «Мегатрансазия» компаниясы директорының орынбасары болған Тұртаевты қамау уақыты 4 айға ұзартылды. Тергеу мерзімін бұлай қайта-қайта ұзарта беру - істің ақ-қарасын анықтаудың қиынға соғып жатқандығын, әрі қолды болған қаржы көлемінің көп екендігін білдіреді. Есте болса, былтыр Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жүргізілген тексеріс кезінде 5 млрд. теңгенің жымқырылғаны анықталған. Бұл қаражат «Бузгул Аурум» серіктестігінің облигацияларына инвестиция салу арқылы қордан алыныпты. 40 жастағы шенді Руслан Ерденаев кезінде осы қаржыны бес пайызға дейін өсіремін деп мақтанған еді. Белді экономист қордағы қаржыны өсірмек түгілі, ел қаражатын  талан-таражыға салып жіберген.


Новости партнеров