Бішкекте құлаған ұшақ қазақстандық «Еуразия» компаниясында қайта сақтандырудан өтті

10.02.2017 15:34

Бішкекте құлаған ұшақ қазақстандық «Еуразия» компаниясында қайта сақтандырудан өтті. Әлем бойынша сақтандыру агенттіктерінің жалпы төлем көлемі, тек «Боинг» ұшағы үшін, 38 миллион долларды құрауы мүмкін. Бұл алдын ала белгіленген сома. Мекемедегілер апат салдарын тексеру жұмыстары аяқталған соң бұл соманың әлі де өсуі мүмкін деген болжам жасауда. «Еуразия» сақтандыру компаниясы бұл жылы төлемнің болмауы да мүмкін деп санайды.

«Әуе транспортынан бөлек, «Еуразияның» сақтандыру келісімшарты бойынша үшінші жақтағы адамдар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілік қарастырылған. Еуразия мен басқа да қайта сақтандырушы агенттіктердің нақты төлемі қандай боларын дәл қазір айту қиын. Қазір сақтандыру оқиғасына байланысты керекті ақпарат пен құжаттар жиналып жатыр. Апатты тергеу жұмыстарын жүргізу жарты жылдан асуы мүмкін»,- деді «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ атқарушы директоры, Шәкір ИМИНОВ.

¤Естеріңізге салсақ, әуе апаты 16 қаңтарда орын алған болатын. Гонконгтан Стамбұлға бағыт алған Боинг-747 жүк ұшағы Бішкектің Дача-Су ауылына құлаған еді. Нәтижесінде, 39 адам қаза тауып, 130-ға жуығы зардап шекті.