Антитеррорлық қауіпсіздігі осал 13 нысанның жетекшілеріне жалпы сомасы 7 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласының Ішкі істер департаменті хабарлады. Халық көп жиналатын ғимараттарға тексеріс жүргізуді тәртіп сақшылары жыл басынан бері дәстүрге айналдырған. Нәтижесінде 485 нысан тексеруден өтіпті. Оның ішінде тек 48-нің ғана антитеррорлық қауіпсіздігі барлық талаптарға сай келген. Ал 437 кәсіпорынның басшыларына кеткен кемшілікті ретке келтіруге нұсқау қағазы берілді. Ал, 26 факт бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілді.
«Әкімшілік Кодекстің 149 баптың нормаларына сәйкес лаңкестік әрекеттерге душар болуы мүмкін нысандарды қауіпсіздік шараларын дер кезінде айтарлықтай дәрежеде қолданбау үшін жауапкершілік көзделген. Яғни, 100 АЕК 5 АЕК-ке дейін. Бұл аз сомма емес сондықтан осы тәсілмен барлық нысандардың жетекшілеріне қандай да бір нығайту шараларын біз көздеп отырмыз», - деді IIД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.