Жезқазған маңында жерге құлаған ракетаның бөлігінде аса қауіпті сұйықтық жоқ

Жезқазған маңында жерге құлаған ракетаның бөлігінде  аса қауіпті  сұйықтық жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жезқазған маңында жерге құлаған ракетаның бөлігінде  аса қауіпті  гептил сұйықтығы жоқ.  Бұл туралы Төтенше Жағдай Комитеті хабарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 14 маусым күні Байқоңыр ғарыш айлағынан  ұшырылған ракетаның бөлігі Талап ауылы жанына құлаған еді. Алғашқы деректер әлеуметтік желі арқылы пайда болып, ауыл аймағы тұрғындарының зәресін алған. Жанған сынықтар кең даланың біраз бөлігін отқа орап, нәтижесінде 1 адам қаза тауып, бір адам ауруханаға жеткізілген. Роскосмос өкілдері өз тарапынан тілсіз жаудың салдарынан бақилық болған камаз жүргізушісі отбасына көңіл айтыпты. Ақпар бойынша, аталмыш екі азамат, ракетадан бөлініп шығатын бөлікті жинауға арнайы барыпты. Бүгінгі таңда, оқиға орнына өрт сөндіру бригадалары жетіп, жағдай қалыпқа келген. Қауіп қатер сейілген.

«Осыған байланысты біз жоспарлы түрде күштер мен құралдарды күшейту жұмыстарын жүргіздік. Өрттің салдарынан өкінішке орай 2 адам зардап шеккені кешірек анықталды. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Ал екіншісі Жезқазған қаласының ауруханасына жатқызылды. Құлаған СОЮЗ зымыранның бөлшектері гептиль бар екені туралы таралған барлық хабарлар шындыққа жанастапайтыны туралы айту керек»,- деді Қазақстан Республикасының ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі, Руслан ИМАНҚҰЛОВ.

 


Новости партнеров