Доллар бағамының өсуі қаншалықты ықтимал?

Доллар бағамының өсуі қаншалықты ықтимал?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Төл теңгеміздің еркін айналымдағы жүзуі жалғаса ма? Доллар бағамының өсуі қаншалықты ықтимал? Бас банкир Данияр Ақышев қаржы секторындағы биылғы жылдың қорытындысын жариялап, баспасөз конференциясын өткізді. Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қаржы нарығында соңғы жылы болған өзгерістер мен келер жылға жасаған жоспарымен бөлісті. Әнуарбек Жәлел жалғастырады.


Ұлттық банк биыл барын салып, инфляция деңгейін екі есеге төмендетіп, 7,5 пайызды көрсетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, азық-түліктің бағасы бар болғаны 2 пайызға өскен. Ал, 2015 жылы тауар бағасы бірден 8 пайызға көтерілген еді. Келесі жылы Ұлттық Банкте инфляция деңгейін 6 - 8 пайыз дәлізінде ұстамақ.


 «Биылғы жылы валюта бағамының өзгеруіне қарай инфляция деңгейі де төмендеп отырды. Мұның себебі, ішкі экономикадағы қаржы ұсынысының алуандылығы. Айналымдағы қолма-қол ақша 2016 жылдың  10 айында 27 пайызға өскен. Екінші деңгейлі банктердегі барлық шоттар мен айналымдағы қолма-қол ақшаның М3 Қаржы массасы 12,3 пайызға өскен»,- деді ҚР Ұлттық банк төрағасы, Данияр АҚЫШЕВ.


Ал, алтын-валюта сақтық қоры 704 миллион долларға азайып, қазіргі кездегі қордың көлемі 30 миллиард долларды құрап отыр. Алтын құймадан қағылудың басты себебі - банктердегі валюта айырбасының жабылуынан. Оған қоса, құнды металлдың бағасы 8 пайызға төмендеді. Десек те, депозит нарығындағы көрсеткіштер қуантады. Төл теңгедегі салымдар бір жылда 60 пайыз өсімді көрсетті. Ал, шетел валютасындағы депозиттер 10 пайызға төмендеген. 


«Бұл көрсеткіш бас банктің 2016 жылдың басында қолға алған шараларының тиімділігін көрсетеді. Өндіріс орындары мен қарапайым халық қаржысын банк депозиттеріне салуды дұрыс инвестиция деп тапқан. Яғни, жүйеге жаңа ақша түскенін айтуға болады»,- деді ҚР Ұлттық банк төрағасы, Данияр АҚЫШЕВ.


Келесі жылы да теңге еркін айналымдағы «жүзуін» жалғастырады. Жалпы айтқанда, Ұлттық банктің бағыты күрт өзгермеуі тиіс. Саясаты сол қалпында қалмақ. Данияр Ақышевтың сөзінше, қазіргі кездегі қолданыстағы 5,5 пайыз қайта қаржыландыру мөлшерлемесі теңгенің тұп-тура құнына сай келмейді. Сол себепті, Ұлттық банк бұл олқылықтың орнын толтырмақ.

 

Әнуарбек Жәлел, Ромина Макаримова, Рашид Шукуралиев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров