Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

28.02.2017 15:30

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі 10 сәуірге дейін ұзартылды. Бұл туралы "Астана қалалық сотының баспасөз қызметі мәлдімдеді. Естеріңізде болса, Қуандық Бішімбаевтың ұсталғанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері хабарлаған еді. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деген айып тағылып отыр. Экс-шенеунік Астана қалалық Ішкі істер департаментінің  уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жалғасып жатыр.