Елбасымен кездескен Корея СІМ басшысы Астанаға тәнті болғанын ерекеше атап өтті

Елбасымен кездескен Корея СІМ басшысы Астанаға тәнті болғанын ерекеше атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму перспективаларын талқылады. Елбасы Корея Республикасының Сыртқы істер министріне ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстардың сенімді сипатқа ие болып отырғанын атап өтті.

«Астана мен Сеул арасында сенімге негізделген достық қатынас орнап, экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Экономикалық және гуманитарлық өзара ықпалдастықтың көптеген мәселелері шешімін табуда. Сіздердің Орталық Азияда жүргізіп жатқан белсенді жұмыстарыңызды қолдаймыз», - деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

«Бұл - Қазақстанға және Астанаға жасаған алғашқы сапарым. Мен үшін сапарымның елордаларыңыздың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтуінің мәні зор. Осы кезең ішінде Астана дамудың үлкен жолынан өткеніне тәнті болдым. Президент Мун Чже Ин 25 жыл ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан берік негізге сүйене отырып, ықтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және нығайта түсуге ниетті», - деді Корея Республикасының Сыртқы істер министрі  Кан Гён ХВА.

Новости партнеров