Алматыда шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары қосылды

Алматыда шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары қосылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылды. Енді шалғай аудандардан орталыққа жаңа қоғамдық көліктер қатынайды. Айта кетейін, Қалада көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы құрамды жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай, сыйымдылығы шағын автобустар қатынайтын жаңа екі №46 және №122 бағыттары қосылды. Жетісу ауданы тұрғындарының өтінімдері бойынша № 46 бағыттағы көлік Первомайка ықшам ауданын - Универсалды базарды - Құлагер елді  мекенін - Жетісу аудандық әкімдігін - Жансүгіров көшесін қамтып,«Алматы-1» теміржол вокзалына дейін барады. Бұл бағыт бойынша жылжымалы құрамның 10 бірлігі қызмет көрсетеді. Әр автобустың интервалы 10 минут. Тәулігіне 3000 жолаушы қызметті пайдаланатын болады. 
Алатау ауданындағы Рахат және Мәдениет елді мекендері тұрғындарын көлікпен қамту үшін бұрын бір ғана автобус қатынайтын. Бірақ бұл мәселені шешу үшін №122 бағыттағы қоғамдық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді.
«122-ші маршрут ол 196-шы мектеп пен Алатау ауданының ХҚКО, Авто ХҚКО арқылы өтеді. Айта кету керек бұл маршрутта 5 автобус жүреді»,-деді «АЛМАТЫЭЛЕКТРОТРАНС» ЖШС пайдалану қызметінің басшысы, Нұрлан ЕЛШІБАЕВ.
Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда биылғы жылы сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардың 210 түрлі бағыт бойынша жолаушылар тасымалдап жүр. 180 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін біртіндеп көшелерге шығатын болады. Ал, жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың тоқсан бірі қызмет көрсетуде.

Новости партнеров