Есірткі сатумен айналысатын интернет-ресурс бұғатталды

Есірткі сатумен айналысатын интернет-ресурс бұғатталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Есірткі сатумен айналысатын интернет-ресурс бұғатталды. Алматыдағы көпқабатты үйлердің қабырғаларында синтетикалық есірткіні ашық жарнамалайтын жазбалардың жаппай пайда болғанын енді Ішкі Істер Министрлігі бақылауға алды. Құзырлы орган әзірге есірткіні сатып алуға болатын сілтеменің көзін жойып, ғаламтордан бұғаттапты. Ал, қала тұрғындары қандай да бір күдікті жазбалар мен жарнаманың пайда болғанын тағы байқаса, дереу полицияға хабарласуын сұрады.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы орналасқан үйлердің қабырғаларындағы жазбаларды жазуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша қажетті барлық іс-шаралар жүргізілуде. Көрсетілген интернет ресурсқа қол жеткізу бұғатталды. Есірткі заттарын сату туралы жарнамаларды көрген азаматтардан оларды суретке түсіріп алуын және полицияға хабарлауын сұраймыз»,- деді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, Алмас САДУБАЕВ.

Новости партнеров