Инвестор Алматыға жаңа балабақша тарту етті

Инвестор Алматыға жаңа балабақша тарту етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тағы бір балабақша пайдалануға берілді.

Жаңа ашылған бөбекжай 60 балаға шақталған. Медеу ауданының бүлдіршіндеріне мұндай тарту жасаған инвестор –  осы мекеменің меңгерушісі. Бүгін ресми түрде ашылған балабақша  балақайларды қабылдай бастады.

Медеу ауданында қосымша мектепке дейінгі мекемелерді құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы аудан кәсіпкерлерімен бірлесіп, 981 орынға арналған 14 жекеменшік балабақша мен 4 шағын орталық ашылды. Осылайша, орын тапшылығы 30 пайызға төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыстар 2018 жылы да жалғасуда. Жыл басынан бері 8 жекеменшік балабақша пайдалануға берілген.

«Топтық бөлмелер, ойын, жатын бөлмесі, музыкалық, спорттық залдар... қысқасы, баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдайдың бәрі жасалған деуге болады. Бұл балабақша 2 жастан мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған. Олармен тәрбиешілер, тіл мамандары, психолог және музыка мамандары жұмыс істейді», - деді балабақша меңгерушісі Ольга ГАЛАЙ.

Тоғжан Аман, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров