Алматыда Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 43 тындаушысы магистр атанды.
Олар ұлттық қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет және облыстық муниципалды басқару мамандығы бойынша білім алған. Болашақта мегаполисте аталмыш ресейлік академияның филиалы ашылмақ. Қазір аталған оқу орынының орталығы ғана жұмыс істеуде.
«Ресей академиясының филиалын көбейту екі ел арасындағы байланысты нығайта түседі. Осы оқу орны арқылы мамандарымыз Ресейге барып жұмыс істей алады. Алғашқы 43 түлек магистр атанып үлгерді. Бұл бастамасы ғана. Осы маман иелерімен бірігіп қызмет жасаймыз деген ойдамын», – деді РФ президенті жанындағы «Ресей академиясының» Қазақстандағы бөлімінің директоры Серікжан НҰРПЕЙІСОВ.