Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан екі мыңнан астам майдангер қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 2067 ҰОС ардагері, 140 606 тыл еңбеккерлері және 65817 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар жәрдемақы алып отыр", - делінген министрліктің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

ҰОС ардагерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында (387 ардагер), Шығыс Қазақстан (246), Оңтүстік Қазақстан (187) және Қостанай (165) облыстарында тұрады. Ал олардың ең аз саны Атырау (29 ардагер), Қызылорда (37), Маңғыстау (36) облыстарында тіркелген.

Министрліктің хабарлауынша, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне ай сайын зейнетақыдан бөлек, 16 айлық есептік көрсеткіш немесе 38480 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп отыр.

Сондай-ақ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен ҰОС-тағы Жеңістің 73-жылдығын мерекелеу қарсаңында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген адамдарға 2,7 млрд теңге бір реттік ақшалай төлемдер беру көзделген.


Новости партнеров