Қосымша 20 мың грант бөлу бастамасы талапкерлердің тегін оқуға деген үмітін еселеді

20.03.2018 03:26

Елімізде қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу бастамасы талапкерлердің тегін оқуға деген үмітін еселеді. Оған қоса, шетелге білім іздеп кететін жастардың санын азайтуға септеседі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесінде айтты. Оның басым бөлігінің техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге бөлінуі сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік бермек. Олар еліміздің дамыған елдер қатарына енуіне ықпалдаспақ.

«Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы барлық ел азаматына қатысты.  Үй, білім беру, балаларды оқыту, жаңа экономикалық келешек, үйлерге жылу берілу және экология. Онда аталған әр бастама қоғам үшін маңызды. Бұл қадам арқасында әлеуметтік, оған қоса, экономикалық салада мультипликативті нәтижеге мүмкіндік береді. Сондықтан оны халыққа барынша түсіндіру басты мәселе. Ел азаматтары әлеуметтік бастама арқасында олардың алдында ашылып жатқан мүмкіндіктерді барынша пайдалана білуі керек», - деді ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Леонид ПРОКОПЕНКО.