Мемлекет басшысы жол қозғалысына байланысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жол қозғалысына байланысты заңға қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жол қозғалысына байланысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа заңда жолдағы тәртіпке қойылатын талаптарды күшейтетін нормалар бар. Мысалы, қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы, масаң күйде көлік жүргізгені және ішімдік ішкенін анықтайтын тексеруден өтуден бас тартқаны үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы енгізілген. Сондай-ақ заңда көлік жүргізушілеріне полицейлерді камераға түсіруге рұқсат еткен. Заңның ескі редакциясында бұл нормаға тыйым салынбаған, бірақ видоматериалдар сотта айғақ ретінде қаралмайтын. Енді жаңа түзетулерге сәйкес, апат орнында немесе жол үстінде болған өзге оқиға орнында түсірілген видео сот материалына айнала алады. Бірақ көлік жүргізуші полицей талабын мүлтіксіз орындауға міндетті. Сонымен қатар, жолда тоқтатылған жүргізуші көліктен түспей, полицейді салонда күтіп отыруы тиіс деген 2015 жылғы қаулының да күші жойылған. Құжатта бағдаршам алдындағы тоқтау сызығын басып тұрғаны үшін салынатын айыппұл көлемі азайтылып, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда жаңасын алу үшін қайтадан емтихан тапсыру, түнгі уақытта тұрақты емес тасымалдаушылардың жолаушыларды тасымалдауына салынған тыйым жойылған.


Новости партнеров