Қазақстанның әрбір азаматы ХҚКО арқылы жұмысқа тұра алады

06.11.2017 21:29

Енді әрбір Қазақстан азаматы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жұмысқа тұра алады. Мұндай жаңашылдықты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынып отыр. Мәжіліс қабырғасында өткен жиында аталмыш ведомствоның вице-министрі Біржан Нұрымбетов жаңа заң жобасымен таныстырды. Ұсыныс қабылданатын болса, әр азамат «электрондық үкімет», «Қазпошта» арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркеледі. Болмаса, ауыл әкімдеріне өз өтінімдерін жолдай алады.

«Бұл заң жобасы халыққа жол ашады. Яғни, бос орындар алаңы кеңейеді. Себебі, қазіргі кезде жұмыс орындары аз емес. Компаниялар көбіне жұмыспен қамту орталықтарына жібереді тапсырыстарын. Мысалы, өткен жылы олар 544 446 жұмыс орнын ұсынған болатын», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қоруғау вице-министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ.


Теги: жаңа жоба