Орал қаласының әуежайына «Эйр контроль» компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонды. Кешкі сағат 20:00 шамасында әуе кемесіне құстар соқтығысқандықтан, қозғалтқышына ақау келген. Сол себепті дөңгелегі ашылмай қалған көрінеді. Ұшақта 3 экипаж мүшесі болған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Тек «Кинг Эйр-250» ұшағы қону кезінде айтарлықтай зақымданған. Қазір авиациялық оқиға бойынша министлік комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, ұшақты апатты жағдайда қонуына байланысты Оралдағы әуежай уақытша жабылды.
¤«10 қазан күні ұшақ әуежайды техникалық тұрғыдан аралап қарап жүрген. Бұл тәжірбиеде бар. Тексеріс кезінде навигациялық және басқа да жер асты қызметтері бақыланады. Таңнан бері оқиға орнында комиссия жүр. Жағдай алдын-ала белгілі. Өйткені, ұшақтың айнасы мен басқа жерлерінде құстың қауырсындары қалған. Соңғы тұжырым сол болуы мүмкін», - деді ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.