Алматы полициясы әуежай жолаушыларына ескерту жасады

paul mocan/unsplash.com/
paul mocan/unsplash.com/

Оқу-жаттығу тапсырмалары адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу механизмін жетілдіруге бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы халықаралық әуежайының аумағында сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, шара кезінде әуе және автокөліктердің қозғалысына шектеулер жоқ. Оқу-жаттығу тапсырмалары адамдар көп жиналатын жерлерде лаңкестік әрекеттердің алдын алу механизмін жетілдіруге бағытталған.

"Қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды және мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ ресми ақпарат көздерін қадағалап, жалған ақпарат таратпау керек", — деп хабарлады департаменттен.

Сонымен қатар қалалық полиция ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында үш бала газдан уланып көз жұмды

 

Новости партнеров