АҚШ-та «Оскар» сыйлығының иегерлері анықталды

АҚШ-та «Оскар» сыйлығының иегерлері анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-та ең үздік фильм анықталып, «Оскар» сыйлығының иегерлері марапатталды. Осымен 90-шы рет өткен шарада кино саласының үздіктеріне 24 аталым бойынша мүсіншелер табыс етілді. «Жылдың үздік фильмі» номинациясы бойынша бас жүлдені мексикалық режиссер түсірген «Форма воды» туындысы жеңіп алды. Сондай-ақ аталмыш фильм «үздік музыкасы» мен «суретші жұмысы» үшін де үздік деп танылды.  Ал туынды авторы Гильермо дель Торо «Үздік режиссер» атанды.

«Жалпы спортта, ғылымда, өнер мен мәдениетте қандай да бір іс бастасаң, түпкі тарихыңды және өз еліңді ұмытпау керек  деп ойлаймын. Сонда жеңіске жетесің. Осы аптада мен ата-анама қонаққа барамын. Үйіме құр қол бармай, мына қос марапатты арқалап баратыныма қуанып тұрмын», - деді режиссёр Гильермо Дель ТОРО.

Айта кетейік, биыл «Оскар» жүлдесінің «Үздік фильм» номинациясына 9 картина ұсынылған болатын. Ал жылдың ең мықты актеры аталымын «Темные времена» фильмінде Уинстон Черчилльді ойнаған Гари Олдман иеленді. Жылдың үздік актрисасы ретінде «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмінде басты рөлді сомдаған Фрэнсис Макдорманд танылды. Бұл актрисаның екінші Оскары.


Новости партнеров