Ақпан айының 19 мен 25 аралығына арналған ауа райы болжамы. Алда алматылықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?
Дүйсенбі, 19 ақпанда күн бұлытты болады. Ауа температурасы күндіз - 6, түнде – 11 грдаусты көрсетеді.
Сейсенбі, 20 ақпанда күн жылы болады деп күтілуде. Ауа температурасы 1 градус, түнде минус 5 градус болады деп болжануда.
Сәрсенбі, 21 ақпанда ауа райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа бағамы күндіз 1 градус, түнде – 4 градус көрсетеді.
Бейсенбі, 22 ақпанда аспанға аздап бұлыт шығады. Ауа температурасы күндіз 1 градус болса, түнде – 5 градусқа дейін төмендейді.
Жұма, 23 ақпанда күндіз ауа бағамы 1, түнде – 7 градусты көрсетеді. Күн бұлытты болады деп күтілуде.
Сенбі, 24 ақпанда жауын жаумайды. Бірақ аспанға аздап бұлыт шығады деп болжануда. Ауа температурасы күндіз 1, түнде – 7 градусты көрсетеді.
Жексенбі, 25 ақпанда күн бұлытты болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 1, түнде – 7 градус болады.
Ауа райы болжамы intellicast.com сервисінен алынған.