«Самұрық-Қазына» қоры еліміздегі ірі компанияларды сатуға кіріскен

24.08.2017 11:22

«Самұрық-Қазына» қоры еліміздегі ірі компанияларды сатуға кіріскен. Бұл туралы Елбасының қабылдауына келген Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Кездесуде еліміздің негізгі активтерін басқарып отырған қорды ары қарай дамыту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ мемлекет басшысына биылғы 7 айда атқарылған жұмыстың қорытындысы айтылды. Соңында елбасы бірқатар нақты тапсырма жүктеді.

«Өндірістік және қаржылық мәселелерді алатын болсақ, былтырғы жылдың деңгейіне қарағанда едәуір жоғары. Ойдағыдай келе жатырмыз деп айтсақ болады. Жекешелендіруді алатын болсақ, біздің көзделген 215 нысанның 60 пайыз нысандары әзір жекешеленді. Енді биыл қазіргі уақыттан бастап, біз ірі нысандарды жекешендіруге шығарып жатырмыз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ.

Одан кейін, Президент ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдап, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының әзірлеу барысымен танысты. Өз кезегінде, министр жаңа жобадағы төрт басым бағыт жайлы түсіндіріп берді. Ал мемлекет басшысы жаһандық бәсекелестік артқан заманда экономиканы цифрландырудың өзекті екендігін айтты.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны қабылдап, жан-жақты талқылап, бәрінен қабылдадық. Дайын болды. Қазір біз бүкіл талқылаудан өттік. Мемлекеттік органдармен, бәрімен қарастырып,  4 бағытты қамтиды. Бірінші, инфрақұрылымды дамыту, екінші, адам капиталын күшейту, үшінші, экономиканы барынша цифрлық жүйеге келтіру, төртінші, мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру», - деді  Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.