Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш паралимпиада чемпионы жайлы не білеміз?

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш паралимпиада чемпионы жайлы не білеміз?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ешкім алтын аламыз деп күтпеді». Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласындағы паралимпиада ойындарынан елге оралған шаңғышы Александр Колядин осылай деді. Астанада қарсы алған бір топ азамат пен журналистерге спортшы келесі ойындарға да қатысуға ниетті екендігін айтты. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш паралимпиада чемпионы жайлы не білеміз? 2018 жылғы қысқы ойындар қорытындысы қандай?

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайына паралимпиада ойындарынан оралған спортшыларды жанкүйерлер ерте келіп күтіп, айрықша құлшыныспен қарсы алды. Оның ішінде, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан тарихындағы алғашқы паралимпияда чемпионы - Александр Колядин бар. Бірі спорт әлемінде жаңа жанған жұлдызбен суретке түсіп, таныссам десе, енді бірі балаларын қажымас қайрат, асқақ рухты адам қандай болатындығын көрсетуші үшін әдейі ертіп келген.

«Менің де балам «ерекше». Мен оны осында үлгі алсын, танысын, мақсатына ұмтылған жан болып өссін деген ниетпен әкелдім. Біздің паралимпиадашылар жарады! Алға, Қазақстан!» , - деді жанкүйер Гүлжан ТАЙШУЛИНА.

Пхенчханда 1,5 шақырым қашықтыққа шаңғы жарысынан алтын иеленген Александр Қостанай облысы Сарыкөл ауданының тумасы. Бала кезінен спортты сүйген шаңғышы о бастан күреске қатысқан. 24 жасында көлікте аударылып, оң аяғынан айырылған ол ауыр кезең мен күйзелістерді бастан кешірген. Болашақ чемпион сенім мен еңбекті серік етіп, бұған дейін Ресей, Германия елдерінде жақсы нәтиже көрсетіп жүріпті. Енді араға 20 жыл салып, Оңтүстік Кореяда алтыннан алқа тақты. Алтын әріппен тарихха атын жазды.

«Қуаныштымын. Осыншама еңбек босқа кеткен жоқ. Нәтиже жаман емес. Бірақ ешкім алтын аламыз деп күтпеді. Медаль алайық деген үміт болды. Қазақстан халқына дер кезінде алтын сыйладым деп ойлаймын. Алдағы болатын тағы бір қысқы паралимпиадаға қатыссам деймін. Дайындалам», - деді Қысқы паралимпиада ойындарының чемпионы Александр КОЛЯДИН.

Александр Колядин чемпиондық жарысында 4-ші болып келе жатып, 200 метр қалғанда жапондық және канадалық спортшыларды басып озған. Мамандар бұл медальді тарихи дейді. Бұған дейін тек паралимпиада ойындарының қысқы түрінен 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммерінде шаңғышы Любовь Воробьева қола алғаны ел есінде. Жұрттың үкілеген үмітін ақтаған Александрға үкімет 250 мың доллар сыйақы берсе, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов оның жеткен жетістігі үшін пәтер сыйланатынын мәлімдеді. Оңтүстік Кореядағы ойындарға Қазақстаннан тағы 6 спортшымыз аттанған болатын. Жеңіске бір табан жақын болған Александр Герлиц тік тұрып шаңғымен жарысуда 20 шақырым қашықтыққа 4-ші болып келді.   

«Бізде өздеріңіз білесіздер, олимпиада, паралимпиада, сурдлимпиада ойындарында алған орындары үшін сыйақы тағайындалады. Тіпті, 6-шы орынға дейін беріледі. Құрамамызда осы Паралимпиада да 4-ші алған Александар Герлиц 30 мың доллармен марапаталса, Денис Петренко 6 -шы орын үшін 5 мың доллар иемденді. Жаттықтырушылар да дәл осындай сыйақы алады», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік ЖАРАСБАЕВ.

Жалпылай алғанда, Қазақстан 49 ел, 570 спортшы қатысқан ойындарда біздің құрама үздік 20-ның қатарынан көрінді. Алғашқы үштікті АҚШ, бейтарап паралимпиада атлеттері мен Канада спортшылары бөлісті. 


Новости партнеров