Алматыда автобус жүргізушілері бас көтерді

Алматыда автобус жүргізушілері бас көтерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда автобус жүргізушілері бас көтерді. Жұмысқа бір күнде бірден 29 адам шықпай қалған. Олар жалақының аздығына наразы. Сөйтсе, сараланған тариф енгізілгелі бері, халықтың бәрі жаппай «Оңай» картасына ауысып, төлемді транзакция бойынша жасайтын болған. Бұл әрине, қоғамдық көлік жүргізушілерінің қалтасын қаққан көрінеді. Өйткені бұған дейін олар қалайда қосымша табыс тауып отыратын. Қазір ондай мүмкіндік жоқ, ал жоспарды толық орындамасаң, тиісінше жалақы да аз болады. Соған наразы болған 34, 29-шы бағыттағы автобус жүргізушілері қарсылық танытып, жұмысқа шықпай қойған.

«Бұрындары түсім жүргізушілердің қалтасында қалып отырды. Ал сараланған тариф енгізілгелі бері, автопарктердің табысы 40 пайызға артты. Енді бұл ақша жүргізушілердің қалтасына емес, автопаркке түседі. Жүргізушілер бұған наразы, күнделікті кіріс жоспарын төмендетуді сұрайды. Ал транзакция бойынша жоспар орындайтын жүргізушілер жақсы жалақы алады. Мәселен, бір қызметкер 14 күн істеп, 118 мың теңге алды. Ал, келесі қызметкер сонша жұмыс істегенімен жоспарды орындай алмай, ақша ұрлап, 51 мың теңге ғана алды. Енді олар жалақыны өсіруді талап етіп отыр», - деді «Green Bus» ЖШС директоры  Бауыржан КҮЛІШЕВ.

Сараланған тарифке көшкелі бері, соңғы екі күнде табыс көлемі 30-40 пайызға ұлғайған. Егер шілде айында 1 күндік табыс көлемі 17 миллионды құраса, қазір 22 миллионға жеткен. Демек, халық жаппай «Оңай» картасына көшуде. Бұл ретте, аталмыш транспорт компаниясы көлік жүргізушілерімен жиналыс өткізіп, жұмысқа шықпағандарды сотқа беріп, келтірген шығынды өндіріп аламыз деп отыр.  


Новости партнеров