"Елбасының тікелей қамқорлығының көмегінің арқасында қала экономикасы өте үлкен. Бәріңіз оны жақсы білесіздер. Мәселенки, тәуелсіздік жылдарының басында Алматы қаласының мемлекетіміздің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 10 пайыз болатын болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 20 пайызға көтерілген. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік ішкі өнім Алматы қаласында тоғыз бүтін оннан бір триллиондық теңгеге жетті",- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Арман ҚЫРЫҚБАЕВ.
5-6 қараша күндері Астана қаласында Алматы күндері бастау алады. Бұл «Қуатты өңір - қуатты Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан шара. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әкімдік өкілдері қалада ашылып жатқан білім беру, денсаулық сақтау мекемелерге де тоқталды. Соңғы 9 айда 5 мемлекеттік, 119 жеке меншік балабақша бой көтерген. Сонымен қатар, мектептер салынып жатыр. Жыл аяғына дейін 4 медициналық нысан қолданысқа берілмек.