Алматыда Қазақстан және шетел кітапханашылары 20 жылдан кейін бас қосты

Алматыда Қазақстан және шетел кітапханашылары 20 жылдан кейін бас қосты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматының мәдени саласында тарихи күн. Өйткені, араға 20 жыл салып алғаш рет Қазақстан кітапханашылары съезд өткізді.

Екі күнге жалғасатын шараға 200 кітапханашы қатысты. Оның ішінде 184-і отандық болса, қалған 16 делегат АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан келген.

Бүкілқазақстандық съезде елдегі кітапхана жүйесін барынша жетілдіріп, бірігу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, кітап қорын сандық жүйеге өткізу жайы да айтылды. Оны жүзеге асыру үшін кітапханашылар заңдағы авторлық құқық туралы бапты қайта қарауды ұсынды. Қазір мамандар кітапхананы тек кітап сақтайтын орын ғана емес, ой-пікір алмасатын коворкинг орталық етуді қолға алған.  

«Кітапхана тек баспасөз мұрағаты немесе кітапты сақтайтын орын болумен, я болмаса тек әдебиетке ғана қызмет етумен шектелмейді. Кітапхана қоғамның көп функционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік-мәдени институты болуға тиіс. Ал ауыл аймақтардағы жағдай ушығып тұр. Өйткені, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету төмен. Өздеріңіз білесіздер, Елбасының 2020-шы жылға дейінгі «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында кітапхана қорын цифрландыруды көздейді», – деді ҚР Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Ажар ЖҮСІПОВА.


Новости партнеров