Депутат: Саяси реформалар – жаңа Қазақстан құру жолындағы игі іс

 ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Саяси реформалар – «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы игі іс. Президенттің жаңа Жолдауын тыңдаған Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Баян Ержанова осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын көріп, «Жаңа Қазақстан» құру жолындағы жарқын бастамаларын іске асыру басталды деп ойлаймын. Пропорционалдық, мажоритарлық сайлау жүйесіндегі 70/30 қағидасымен сайлау, депутаттардың сайлауалды бағдарламаны іске асырудағы жұмыстарды күшейту, жергілікті өзін-өзі басқарудағы жүйелі өзгерістер, партиялық жүйені бәсекеге қабілетті ету, БАҚ қызметі туралы заңды қайта қарау сынды бастамалар Президент қаңтар айында айтқан «Жаңа Қазақстан» құрудағы алғашқы қадамдарының бірі», - деп санайды Баян Ержанова.

 ҚазАқпаратқа берген сұхбатында депутат, саяси реформалардың жаңа бағыттары өз кезегінде – экономикаға, қоғамдық саяси өмірге де оң өзгеріс әкеледі деді.

«Мәслихат депутаты ретінде мен де өңірімізде ел дамуы үшін атқарылатын істерге бір кісідей жұмылып, жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген сенімім мол. Батыл бастамалар оң өзгерістер әкелсін», - деген пікірін білдірді Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Баян Ержанова.

Новости партнеров