Республика күнін ұрпақ қастерлеуі тиіс. Ал аға буынның өкілдері ұлттық мерекені тиісті деңгейде жастардың санасына сіңіре білуіміз керек. Бұл – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтің пікірі. Егемен елдің тарихы 25 қазаннан басталады деген депутат халықты мерекемен құттықтады
– Республика күнін ынтымақты дәріптеп, бір-бірімізді сыйлап үйренуіміз керек. Болашақ ұрпақ тәуелсіз елді дамытудың негізгі бағыты саяси төзімділік, адами қарым-қатынас, халықтың ынтымағы екенін түсінуі тиіс. Республика күні құтты болсын! – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.
Ал мәжілісмен Айдар Қожаназаров Республика күніне ұлттық мереке мәртебесінің берілуі әділдік деп бағалайды. Депутаттың айтуынша, маңызды күнді ұлықтау – қазақстандықтардың парызы.
– Республика күні – әділ Қазақстанның бастауы деуге болады. Республика күнімен құттықтаймын. Бәріміз әділ Қазақстанды құруға атсалысайық, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров.
Оқи отырыңыз: Республика күні: Алматыда Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті