Жолдау заманға сай жылдам қозғалуға әсер ететін құжат болмақ – Дана Нұржігітова

16.03.2022 21:41
inform.kz

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауын тарихи құжат деп айтуға болады. Бұл сан саланы қамтыған, сараланған салмақты стратегиялық жоспар. Сенатор Дана Нұржігіт осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгінгі халықаралық геосаяси шиеленістер мен өз еліміздегі ішкі түйткілдер кез келген адамды абдырайтындай, қобалжитындай жағдайға түсірді. Алайда, көш бастайтын тұлғаның ондай күйге түсуге хақы жоқ.

Жолынан таймайтын, нақты жоспары бар адам ғана сыртқы жағдайды елемей, өз траекториясынан ауытқымайды. Біз дәл сондай адамның қолынан шыққан жоспарды көрдік.

«Күшті Президент, ықпалды Парламент, халыққа есеп беретін Үкімет» - бұл 2019 жылы Президенттік сайлауға түскен кандидат Тоқаевтың саяси тұғырнамасы болатын. Қасым-Жомарт Кемелұлы сол айтқанынан бүгін де жаңылмады», - дейді Сенат депутаты.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Теги: жолдау